KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Есірткі саудалаушылар «OLX» сайтын белсенді пайдалануда - ІІМ

Фото: kaz.globalnews.kz

7.11.2023, 20:01 209 Ләззат Қанатқызы

Биыл 10 айда елімізде 2405 есірткі қылмысы жасалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Интернет желісі арқылы есірткі сату қылмыстарын ашу жұмыстары тұрақты жүруде. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне 3,2 мыңнан астам есірткі сайттарын бұғаттау туралы сұрау хаттар жолданды. Алайда бүгінде есірткі жарнамалайтын сайттар жылдам ауысады, - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

ІІМ өкілінің мәліметінше, биыл 10 айда 2405 есірткі қылмысы, оның ішінде 1287 өткізу және аса ірі көлемде 415 есірткі сақтау фактісі анықталды.

Одан бөлек 32 тонна 642 келі әр түрлі есірткі, оның ішінде 62 келі героин, 5 тоннадан астам кептірілген марихуана, 503 келі гашиш және 255,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.

- Есірткі сату бойынша «OLX» сайтының танымалдығы басым. Тек жыл басынан бері компаниямен біздің министрліктің бастамасы бойынша полицейлермен және сервис қызметкерлері үш мыңнан астам хабарландыруды жойды, - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив