Ақауы бар көше шамдары қашан жөнделеді? – Өскемен
сурет көрнекілік үшін
Облыс орталығының тұрғындары бірде жанып, бірде жанбай қалатын көше шамдарына қатысты шағым айтқан.
Бұған коммуналдық қызметтер өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір Өскемен аумағында 33 мыңға жуық көше шамы бар. Оның бір бөлігі қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің, енді бір бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қызмет көрсететін компанияның балансында.
– Қазан айының соңына дейін 340 ақау жойылды. Қараша соңына дейін тағы 200 ақау жойылады. Жыл соңына дейін ақауы бар көше шамдарын түгел жөндейміз, – деді қаланың ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұржан Жапбаров.
«МЖӘ» АҚ көше жарықтарын жаңғырту жобаларын іске асыру тобының жетекшісі Ринат Бұтажанов ақауы бар шамдарды жөндеуге арналған жабдықтар жеткізіліп жатқанын атап өтті.