Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-да жаңа ботты іске қосты
шартты сурет
Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде «AФM Insider» ресми ботын іске қосты.
Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл ресми бот арқылы экономикалық құқық бұзушылықты анықтауға болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Қазақстандықтар бұл құрал арқылы экономикалық құқық бұзушылықтар туралы батырманы бір рет басып ғана хабарлай алады. Хабарлама қысқа мерзімде қаралады. Ақпараттың құпия қалатынына кепілдік беріледі», - деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі.
Ботқа жолданған хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие болады, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз бола алмайды.
Оқи отырыңыз