Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті
Фото: ktk.kz
Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде.
Айта кету керек, қазір ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз