KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

Жайлы мектеп: ШҚО-да 10 мектеп бой көтереді

Фото: aikyn.kz

4.09.2023, 16:08 920 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 10 жаңа білім ордасы салынады.

Аталмыш жоба аясында бой көтерген мектептер заманауи жабдықтармен және жаңа қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, жаңа мектептерді салу кезінде бірыңғай стандартты, атап айтқанда, жиһаздар мен жабдықтарда ұлттық стильді ескере отырып, заманауи дизайнды қолдану жоспарлануда.

- 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернет қолжетімді болады, мұғалімдердің арнайы жабдықталған жұмыс аймақтары да қарастырылмақ. Сондай-ақ мектеп ерекше қажеттіліктері бар балаларға толықтай бейімделеді, – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Қазір "Жайлы мектеп" жобасы бойынша өңірдегі алғашқы мектептің құрылысы  Белоусовка кентінде басталды. Жобаның құны шамамен 2,5 миллиард теңгеден асады. Олар мектепті келесі жылдың қыркүйегіне дейін тапсыруға уәде беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив