Тәртіп сақшылары жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәртібін назарға алды – ШҚО
Фото: opennews.kz
Өскемендік полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар болдырмау мақсатында "ШҚО арнайы Жасөспірімдер үйіне" барып, тәрбиеленушілерімен әңгіме жүргізді.
Әңгіме барысында тәртіп сақшылары әрбір адамның ойланбай жасаған теріс әрекеті қандай жағдайға әкелетіні туралы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар, салауатты өмір салты тақырыбына тоқталып, темекі шегу, алкоголь және тыйым салынған заттарды қолдану жас ағзаға зиян келтіреті туралы да сөз қозғалды.
Тәрбиеленушілермен әңгімелесуден кейін жасөспірімдер үйінің директоры Батталғазы Дүкенбаев тәртіп сақшыларына ғимарат бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырды.