Тәртіп сақшылары мектеп директорларымен кездесті – Өскемен
Фото: Шартты сурет
Полиция қызметкерлері Өскемен қаласы полиция басқармасы Ертіс ПБ аумағында орналасқан мектептердің директорларымен кездесті.
Тәртіп сақшылары қатысқан кездесуде жастар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттандыру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал құру сынды тақырыптар талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесуге Ертіс ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Болатжан Рахымбаев, Ертіс ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова қатысқан. Шара қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар жұмысын күшейту және ақпараттандыру жұмыстарын арттыру туралы шешім шығарған.