Тәртіп сақшылары оқушыларға нашақорлықтың зиянын түсіндірді - Өскемен
Фото: egemen.kz
ШҚО полиция қызметкерлері арнайы мамандармен бірлесіп, оқушыларға нашақорлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Өскемен қаласының №17 орта мектебінде өткен дәріске жоғары сыныпта оқитын 150-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шарада дәріс оқуға ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ювеналды полиция инспекторлары, педагогтер, нарколог-дәрігер және С. Аманжолов атындағы жоғары колледждің еріктілері шақырылған.
Мамандар оқушыларға синтетикалық есірткінің зияны, тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Тәртіп сақшылары заңсыз іс-шараларға қатыспау керек екенін, ғаламторда кездесетін жеңіл жолмен табыс табуды ұсынатындардан аулақ болу керек екенін ескертті.