ШҚО құтқарушылары газбен жүретін көлік иелеріне ескерту жасады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Газ баллон жабдығы бар көліктерді жабық паркингке қоюға болмайды.
ШҚО ТЖД маманжары көлік өртінің алдын алу бойынша жұмысьарды жандандырып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО ПД таратқан мәліметке сүйенсек, өңірде қазір газ баллон жабдығы бар көліктер саны 5300-ден асқан.
Заңның жаңа талаптары бұзылған жағдайда, автокөлік иелеріне "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" – әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Егер адам денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі зиян келтіруге әкеп соқтырған паркингте газдың жарылуынан көлік өртенген болса, қылмыстық жауаптылық көзделген.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлікте қайта жабдықтау туралы белгі болмағаны үшін айыппұл 15 АЕК құрайды. Құқық бұзушылық анықталған кезде полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу-нөмірлік белгілерді алып қою арқылы көлік құралын пайдалануға тыйым салуға құқылы.