KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Өскеменде бес адам тұншықтырғыш газға уланды

24.04.2018, 05:30 191

21 сәуірде сағат 17.20-да 138-і бөлімшеге кезекші дәрігерден тұншықтырғыш газбен улану жағдайы туралы ақпарат түсті. Пешті дұрыс жақпау себебінен бірден бес адам зардап шекті, олардың екеуі балалар. Барлық зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жіберілді. Бес жасар қыздың жағдайы ауыр, елудегі ер адам мен 48 жастағы әйел комада. Жеті жасар қыз жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.


Көміртегі тотығынан улану жағдайлары сиремей тұр. Өскемен қаласының ТЖБ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік толығымен үй иелерінде екенін еске салады. Заңға сәйкес өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзатын азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410-бабына сәйкес ескерту алады немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив