Brent маркалы мұнай бағасы 75 доллардан төмен түсті
фото: depositphotos.com
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың фьючерстер құны Астана уақытымен 10:53-тегі сауда деректері бойынша 3,27 пайызға төмендеп, барреліне 74,67 доллар болды.
WTI мұнайының фьючерстері 3,42 пайызға арзандап, барреліне 69,84 доллар болады.
Сарапшылар пікірінше, мұнай бағасы ОПЕК-ке кірмейтін жеткізілімдер артып, сұраныс өсімінің болжамы нашарлағандықтан құлдырады.
Оқи отырыңыз