KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Алаяқтар қазақстандықтарды WhatsApp арқылы алдап жүр

11.11.2023, 20:30 238 Назерке Каримова

Алаяқтар WhatsApp желісі арқылы алдауға көшті, деп хабарлайды stan.kz сайты. 

Таратылған хабарламада бар болғаны телефон арқылы сөйлесу керек, оған арнайы тәжірибенің керегі жоқ делінген. 

Сондай-ақ мәтінде бос орынға қосылуға шақыратын сілтеме де көрсетілген.

Сілтеме пайдаланушыларды WhatsApp мессенджерінің чатына бағыттайды, онда сұхбаттасушы өзін Уилсон және Сонс деп таныстырады.

Мұндай жұмыс ұсыныстарына сену тәуекелге әкеледі. Өйткені мұндай жарнамалар көбінесе жалған және алаяқтық болып табылады.

Бірақ компаниялардың ресми сайттары мен олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге қызметкерлер жинап жатқаны туралы айтылмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу