Өскеменде алаяқ 300-ге тарта адамды алдап соққан
Фото: rg.ru
Алаяқ 289 адамды WhatsApp желісі арқылы алдап кеткен. Ол жалпы соммасы 100 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан.
2022 жылдың жазында сотталушы қала дүкендерінде қант тапшылығын пайдаланып, WhatsApp желісінде хабарландыру жариялаған. Қантты нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, тұрғындардан 100% алдын ала төлем алған, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осылайша қаскүнем 289 адамды алдаған. Келтірілген шығын көлемі - 102 миллион теңгеден астам.
Сот күдіктіні "Қылмыстық кодекстің" 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.