ШҚО-да алаяқ әйел таныстарының атынан несие алып жүрген
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
ШҚО-да 47 жастағы әйел жарты жыл бойы өзінің таныстарының атынан несие алып жүрген. Осы уақыт аралығында ол 7 адамды алдап кеткен екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Белгілі болғандай, алаяқ әйел таныстарына банктен несие алып беремін деп уәде етеді. Олар құжаттарын өткізген соң, несие мақұлданбады деген жауап қайтарады. Алайда олардың атына несиені рәсімдеп, ақшасын өзі алып отырған екен.
Семей қаласының полиция басқармасына Бесқарағай ауданының бірден бірнеше тұрғынынан шағым түскеннен кейін, алаяқ әйел құрықталды.
Қазіргі таңда оның дәл осы әдіспен жеті адамды алдап кеткені анықталды. Келтірілген залалдың жалпы мөлшері төрт миллион теңгеден асады.