Мектеп кітапханашысының жалақысын өсіруді ұсынды
Фото: Абзалбекова Анель
Бүгінгі таңда қоғамда жастар кітап оқуды азайтты деген пікір көп айтылады. Ал кітап оқитын жастар қазақ тіліндегі басылымдар аз деген уәж айтады. Сондықтан да Парламент Мәжілісінде өткен жиында жас жазушылар мен тәуелсіз баспаларды қолдап, мектеп кітапханашыларының жалақысын өсіру керектігі айтылды.
Парламент Мәжілісінде кітап нарығын реттеу, тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты kaz.inform-ға сілтеме жасай отырып.
Жиында депутат жазушылардың қаламақысын заңмен бекітіп, ауылдағы оқырмандарға да кітап жеткізу мәселесін қарастыру керектігін айтты.
Сондай-ақ кітап басу саласындағы субсидия мәселесін де пысықтау керектігі де айтылды.