KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Ескерту: Бүгін Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Фото: bbc.com

25.12.2023, 11:55 305

«Қазгидромет» РМК Өскеменде ауа сапасының нашарлайтындығын хабарлады.

25 желтоқсан күні Өскеменде екінші дәрежелі төтенше жағдай кешке дейін жалғасады. Қазгидрометтің хабарлауынша, осыған байланысты бүгінде облыс орталығында ауаның жоғары ластануы күтілуде, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кеше 24 желтоқсанда қалада да ҰМУ болған кезде бірнеше зиянды заттар атмосферадағы шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып кеткен. Оның ішінде күкірт диоксиді – 3,2 есе, күкіртсутек – 2,6 есе, көміртек оксиді – 1,4 есе асқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу