KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Биыл Қазақстан 696 млрд теңгеге инвестициялық келісімшарт жасады

27.12.2023, 23:50 101 Анель Слямғазықызы

2023 – экономикалық күн тәртібін іске асыруда және шетелдік инвестицияларды тартуда нәтижелі жыл болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылдың қорытынды брифингінде баяндады.


Оның айтуынша, бір ғана Қытай бағытында ҚР Президентінің мемлекеттік сапары нәтижесінде 16,54 млрд АҚШ долларына 30 құжатқа қол қойылды. Бұл ретте 21 млрд АҚШ долларына 52 бірлескен жобаны іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ге сапарында жалпы сомасы 4,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 10 инвестициялық келісімге қол қойылды.

 

«Жыл бойы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президентінің АҚШ, Германия, Франция, Катар, САК және басқа елдердің жетекші трансұлттық компанияларының басшыларымен келіссөздерін пысықтады. Біз еліміздің Еуразия құрлығының орталығында орналасқанын ескере отырып, транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтамыз. Қазақстан экономикасында халықаралық қызметтердің тұтас саласы – логистика қалыптасты. Біз үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын немесе Орта дәлізді одан әрі дамыту маңызды», - деді Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінде.


 

Қазақстан бір жағынан Қытай мен Еуропа, Иран, екінші жағынан Орталық Азия елдері арасындағы контейнерлік теміржол транзитінің сенімді буыны ретінде өзін дәлелдеді. Дипломаттар Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолын одан әрі ілгерілету үшін мақсатты жұмыс жүргізген. Ол бойынша келешекте тасымалдардың 5 есе ұлғаюы күтілуде.

 

2023 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 13,3 млрд АҚШ долларын құраған. Әсіресе салалар бөлінісінде ТШИ ең көп көлемі тау-кен өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар, өңдеу өнеркәсібіне – 2,9 млрд доллар, көтерме және бөлшек саудаға – 2,5 млрд доллар, қаржы және сақтандыру қызметіне – 488,2 млн доллар, көлік және қоймаға – 577,8 млн доллар, құрылысқа – 189,8 млн доллар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке – 159,6 млн доллар, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 234,3 млн доллар тартылған.

 

«Инвестицияларды тартудың 3 деңгейлі жүйесі арқылы желтоқсан айындағы жағдай бойынша біздің елшіліктер шетелдік компаниялармен 3 мыңнан астам кездесу өткізіп, олардың Қазақстанға 1400-ден астам сапарын қамтамасыз етті. 2023 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы инвестиция көлемі 696 млрд теңге болатын 67 инвестициялық келісімшарт жасалды, инвестициялық преференциялар беруге 450-ден астам өтінім қаралды. Әлемнің 38 елінен 422 ірі компанияның тізімі құрылды. Қазір 78 компания бойынша нақты нәтижелер бар», - деді А. Смадияров.


 

Биыл 17 қарашада Астанада «Kazakhstan Global Investment Roundtable 2023» атты ірі халықаралық инвестициялық шара өтті. Форум аясында 60-тан астам кездесу өткізіліп, шамамен 1,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 28 құжатқа қол қойылды.

 

Сондай-ақ, жыл басынан бері «Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік әріптестермен бірлесіп 23 ірі инвестициялық іс-шара өткізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив