KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Тарбағатайда кооперативтер құрылып, несиелендірудің мүмкіндіктері көбейеді

27.12.2023, 19:06 99

Тарбағатай ауданының тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы. Әсіресе, мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту жолға қойылған. 

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында ауданда қосымша төрт кооператив құрылды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы кооперативтері мен жеке тұлғалардың атынан «Ауыл аманаты» бағдарламасымен  төмендетілген 2,5%-дық несие алуға 100 өтініш беріліп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Алдағы уақытта ауданда тағы да бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, төмен пайызбен несие алудың қосымша мүмкіндіктері қарастырылмақ. Осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша жалпы сомасы 397 млн теңгеге 47 жоба мақұлданып, оның ішінде жалпы сомасы 154 млн теңгені құрайтын 13 жоба несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырылған екен. Биыл аудан басшылығы бұл бағыттағы мүмкіндіктерді зерделеу мақсатында Жамбыл және Абай облыстарына барып, осы саладағы жұмыстармен танысып қайтқан. 


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив