KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да өрт сөндірушілер Жаңа жыл түнінде 4 өртті сөндірді

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
1.01.2024, 12:51 143

Қазақстандықтарды жаңа 2024 жылмен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеп жатқан адамдарға арнайы құттықтауын жолдады. «Сіздер елімізге адал қызмет етіп жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін,» - деді Президент.

Осы ретте ШҚО өрт сөндірушілерінің еңбегін атап өткен жөн. Облыста Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке құрамның 331 адамы мен ТЖД-ның 132 техникасы кезекшілік атқарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында олар 4 өртті сөндіріп, 14 тұрғынды эвакуациялады.


1 қаңтар күні сағат 00.00 шамасында Глубокое ауданының Тарханка ауылында, Иванов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында көмір сақтау үй-жайы өртенді. Өрт сөндірушілер 67 шаршы метр алаңды шарпыған жалынды сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына адамдардың абайсыз әрекеті себеп болған. Сөндіруге 15 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды.


Өскемен қаласындағы Енисей көшесінің бойында 4 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылысының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт себебі – отпен абайсыз болу.


Глубокое ауданы, Опытное поле кенті, Солнечная көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында монша мен көмір сақтайтын үй-жай өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды тежеді. Өрт себебі – пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау.


1 қаңтар күні сағат 02:25-те Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде 5 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердегі жиһаз өртенді. Өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 14 тұрғынды эвакуациялады. Өрттің алдын ала себептері – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау не болмаса төсекте темекі шегу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив