KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Кепілге алынған адамдар туралы орынсыз әзіл жазаға әкеп соқты

Фото: egemen.kz

5.01.2024, 10:45 128

Ағымдағы жылғы 4 қаңтарда әйел адам полицияға қоңырау шалып, Өскемен қаласының автовокзалында террористер 15 адамды кепілге алып, ұстап отырғанын айтқан.  

Полиция дереу оқиға орнына барған, тексеруден кейін шақырудың жалған екені анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.       

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, орынсыз әзілдеуші масаң күйдегі 59 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Ойнап жүріп от басқан әзілкеш әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 438 - бабы 1-бөлігі (мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу