Қазақстан Аралды құтқару қорын басқарады
Фото: Tengri travel
2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету Қазақстан Республикасына өтті.
Қазақстан алдағы үш жылда ұйымды басқарады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін Халықаралық Аралды құтқару Қорының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Аралды құтқарудың халықаралық қоры Арал теңізін құтқаруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.
Айжанат Бақытқызы