KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Алқабилер соты 76 келі есірткімен ұстаған ер адамды он жылға соттады

Фото: 365info.kz

9.01.2024, 17:01 167

Сотта алқабилер бұл қылмыстық іске кесім шығармас бұрын, қорғау және айыптау жақтары ұсынған барлық дәлелдемелерді зерттеді.

Шешім 10 алқаби мен 1 судьяның дауыс беруі арқылы қабылданды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Заң судьяға алқабилердің шешім қабылдауына әсер етуге тыйым салады.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) айыпталған К.-ға қатысты алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
2023 жылы 7 наурызда сағат 05.00 шамасында Өскеменде полицейлер К. есімді азаматты салмағы 76 кг 160 гр кептірілген анашамен ұстаған.
Прокурор К. есімді азаматты кінәлі деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
К. есімді азамат пен оның қорғаушысы соттан және алқабилерден қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауды өтінді.
2023 жылғы 29 желтоқсанда құпия дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилердің кесімімен бірауыздан К. есімді азамат аса ірі мөлшерде «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз алып, ары қарай өткізу мақсатында сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. 
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив