ШҚО тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін сотталды

фото: ktk
Өскемен қаласының 20 жасар тұрғыны психотроптық заттарды сақтағаны үшін Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
2022 жылы психотроптық заттарды қолданатын азамат Telegram арнасы арқылы тағы бір «доза» сатып алуға шешім қабылдаған. Оған Меновное ауданының мекенжайы жазылған SMS келеді. 20,69 грамм «синтетика» салынған пакетті сол жерден алып кеткен. Сол күні оны полиция қызметкерлері қолға түсірді.
Cоттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жігіт өз кінәсін мойындап, өкінетінін, сондай-ақ бұрын сотталмағандығын ескере отырып, оған процессуалдық келісімде көзделген жаза тағайындалды.
Сонымен қатар ол енді жазасын өтеп жатқан жерінде емделетін болады.
Үкім заңды күшіне енді.