Биыл Алтай ауданында грант көлемі көбейеді
Фото: avto-oblast.ru
2024 жылы Алтай ауданында жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыруға бөлінетін гранттық қаржы көлемін арттыру көзделіп отыр. Биыл 22 тұлғаға 32.5 млн теңге грант берілмек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өткен жылы аудан бойынша облыстық бюджеттен 17 грантқа 400 АЕК көлемінде (1 380 000 теңге) 23,46 млн тенге бөлінген.
Былтыр Алтай ауданы бойынша мемлекеттік грант алып, кәсіп ашу үшін конкурсқа қатысуға 60 өтінім беріліп, 17 қатысушы грантқа ие болды. Олардың сегізі – көпбалалы аналар, бесеуі – мүгедектігі бар тұлғалар.
Қазіргі күні грант алған тұрғындардың бесеуі мал шаруашылығымен айналысып жатса, екеуі шағын наубайхана ашқан, үшеуі сауда-аттықпен шұғылдануда. Өзгелері тігін цехын, косметологиялық кабинет, шеберхана ашқан. Грант алғандардың бірі ауыл туризмін ұйымдастырып жүрсе, бірнеше тұрғын жартылай фабрикаттар мен кондитер өнімдерін шығарып жатыр.
Жанаргүл Мұқатай