KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

"Тұрмыстағы проблемаларды анықтау", Аягөздегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесті

23.11.2021, 10:03 197

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуатын күшейту, беделін арттыру барысында әскери қызметшілердің отбасы да назардан тыс қалмайды. Осы орайда Аягөз гарнизоны әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлім басшылығы жеке құрамның отбасы мүшелерімен кездесті.
Аталмыш кездесу әскери қызметшілерді құқық бұзушылыққа итермелейтін факторлардан сақтау, оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Әскерилер арасында әр түрлі құқық бұзушылыққа жол бермеу және оның алдын алу үшін осындай жұмыстардың маңыздылығын айта кеткен жөн.
Шара барысында бөлім командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Асхат Құмар «Отбасы – тәрбиенің бастауы», ел келешегінің кемелдену жолында алар орны айрықша екендігіне тоқталды. Сол себепті де Отан қорғауды мамандық етіп, маңызды міндеті санайтын әскери қызметшілер үшін жанұядағы береке-бірлік, татулық пен сыйластықтың, отбасы мүшелерінің қолдауының маңызы зор деді.
Сонымен қатар, әскери бөлімнің қаржы қызметінің бастығы капитан Рүстем Қожағұлов әскери қызметшілердің ақшалай үлесінің артуы, сыныптылық біліктілігіне қосымша үстемақы төленуі бойынша түсіндірме жүргізіп, жиынға қатысушылардың бірқатар сауалдарына  жауап берді.

– Әскери қызметшілердің отбасымен кездесудің ең басты мақсаты – біріншіден, отбасы мүшелерімен байланыс орнату, екіншіден, тұрмыстағы проблемаларды анықтау, сондай-ақ, шешім қабылдау болып табылады, – деді әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Меруерт Абзиева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив