«Торпедо» Көкшетаудан қос жеңіспен оралды
Шайбалы хоккейден ел чемпионаты аясындағы кезекті екі ойынын қонақта Көкшетаудың «Арланымен» өткізген «Торпедо» оның екеуінде де жеңіске жетіп, көш басындағы орнын нықтай түсті.
Қарсыластар арасындағы алғашқы кездесуде «торпедолықтар» қорғаушылар Дмитрий Стулов пен Александр Угольников, сондай-ақ шабуылшы Александр Архиповтың көмегімен үш мәрте көзге түсті. Бұған айдын иелері бір-ақ шайбамен жауап қайыра алды. Қорытынды есеп – 1:3.
Ал қарымта ойында Олег Болякин шәкірттері негізгі уақытта да, овертаймда да жеңіске жете алмай, нәтижесінде кездесудің тағдырын матч соңындағы буллиттер сериясы шешті. Бұл серияда «торпедолықтардың» асығы алшы түсті. Жеңіс шайбасын соққан тәжірибелі шабуылшы Дмитрий Гренц болды. Осы ретте, кездесу барысында «Торпедо» сапында қорғаушы Андрей Виноградов пен шабуылшы Игорь Левицкийдің қанжығасы майланғанын айтқан жөн. Қорытынды есеп – 2:3, «Торпедо» пайдасына.
Қазір қоржынында 84 ұпайы бар өскемендік ұжым турнир кестесінің бірінші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз Рудный қаласында жергілікті «Горнякпен» өткізеді. Бұл ойын ертең, 22 қаңтарда ойналуы тиіс.
Ел біріншілігіне қатысып жатқан тағы бір командамыз бұл жолы бір рет жеңіп, бір рет жеңілуге мәжбүр болды. «Алматымен» қос ойында шеберлік байқасқан «Алтай Торпедо» алдымен қарсыластарынан 0:6 есебімен ойсырай жеңілсе, артынша 4:2 есебімен басым түсті.
Осы кездесулерден кейін 39 ұпай жинаған жерлестеріміз турнир кестесінің тоғызыншы орнына көтерілді. Ертең Досжан Есіркенов баптайтын ұжым өз айдынында Петропавлдың «Құлагерін» қабылдайды.

Оқи отырыңыз