KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін Ұлттық қордан қанша ақша төленеді?

Фото: taulik.kz

29.01.2024, 14:39 72 Айна Ескенқызы

Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% мөлшері балаларға аударылады. 

Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Бұл жерде Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігі кірісінің есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташа көрсеткіші алынады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялана береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

Осылайша, балаларға жыл сайынғы тиесілі сома Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ есептеген) және Қазақстан азаматтары болып есептелетін барлық балалардың санын (ҚР Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру негізінде айқындалған) негізге ала отырып, Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға есепті жылдағы нысаналы талап сомасын есептейді.

-    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақтаған активтерінің көлеміне, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелеріне және бағдарламаға қатысушы балалардың санына байланысты айқындалатын болады, - деді БЖЗҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Мадина Жүнісова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив