KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, З
481.63 534.46 5.28

Риддерде жер сілкінісі болды

Фото: newtimes.kz

12.02.2024, 09:47 180 Оразай Жеңісұлы

Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл. Жағдай тұрақты.

Зардап шеккендер мен қираулао туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив