KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

ШҚО-да инспекторлар браконьердің жолын дрон арқылы бөгейді

Фото: curiousroy.com

13.02.2024, 16:19 136 Ынтымақ Толқын

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы заңсыз балық аулаушыларды дрондардың көмегімен анықтамақ.

Инспекция өкілдері осы мақсатта бес дрон сатып алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылдың соңында Зайсан-Ертіс облысаралық бассейиндік балық шаруашылығы инспекциясы су жаңа бес дронмен толықты. Қазір мамандарға техниканың тілін үйрету жұмыстары жүргізілуде.

- Біздің мекемеге бес дрон алдық. Қазір мамандарды дайындаудамыз. Заңсыз балық аулау және уылдырық шашу кезеңінде тиісті аумақты жылдам барлауға осы дрондар көп көмегін тигізеді. Оның үстіне ұшу апараттары артық шығынды қысқартады және жұмысшылардың уақытын үнемдейді. Оны екі үш жүз метр биіктікке көтерсең болғаны айналаны толық барлап шығуға болады, - дейді Зайсан-Ертіс облысаралық  бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы Талғат Тұрсынханұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив