KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандағы "ең бай" зейнеткер қанша алады?

сурет: freepik.com

14.02.2024, 10:01 194 Оразай Жеңісұлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ең бай зейнеткер туралы кейбір мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

"Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам қанша жалақы алған?" - деп журналист сауал қойды.

Министр ең көп зейнетақы алатын қазақстандық азаматтың бұған дейін қанша жалақы алғанын айта алмайтынын жеткізді.

"Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы төленетін лауазымдарда жұмыс істегені анық. Шамасы, максимал мөлшерде шегерімдер болған. Меніңше, ол ақшасын конвертте алмай, 10 пайызын әр жалақысынан тікелей аударып, осындай зейнетақы жинағаны керемет. Баршаңызға осындай зейнетақы тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу