Шығыс жолдары: 15.00-дегі жағдай
Шығыс өңірінде әлі де күн айықпай тұр. Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша облыс аумағындағы республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар бес жол жабық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар тас жолдар:
1) сағат 13.00-ден бастап «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» (15-123 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха – РФ шекарасы);
2) сағат 16.00-ден бастап «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай –Рахман қайнары» (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай қаласы;
3) «Өскемен-Алтай -Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары», 420-450 шақырымы, Берел ауылы – Рахман қайнарлары шипажайы);
4) «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка кенті – Риддер қаласы).
Облыстық маңызы бар тас жолдар:
1) «Дмитриевка – Бородулиха - Шемонаиха» (72-87 шақырымы, Шемонаиха – Абай облысының шекарасы);
2) «Өскемен - Тарғын – Самар» (63-145 шақырымы);
3) «Тарханка - Топиха» (3-12 шақырымы);
4) «Өскемен – Тауыл Үлбі - Северное» (30-60 шақырымы);
5) «Күршім-Қалжыр» (0-131 ша0ырымы).