KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, З
505.53 593.44 6.34

ШҚО жолдарындағы дизельмен жүретін көліктерге қойылған шектеу алынды

freepik.com

17.02.2024, 10:00 294 Назерке Каримова

Бүгін сағат 8.00-ден бастап бұл көлік түрлері үшін облыстың республикалық маңызы бар жолдары ашылды.

«КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін ШҚО-дағы республикалық жолдардың барлық учаскелерінде дизельмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктер үшін жол ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тек келесі жолдарда шектеу әлі сақталады:

  1.  «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» км 0-124 шақырымы (Дайыр бұрылысы-Марқакөл – барлық көлік түрлері үшін
  2. «Омбы-Майқапшағай-ҚХР шекарасы», 1103-1256 және 1289-1321 шақырымы – барлық көлік түрлері үшін
  3. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарагай-Рахман қайнарлары», 6-166 және 420-450 шақырымы (Ушанов-Алтай қ., Берел- Рахман қайнарлары) – барлық көлік түрлері үшін
  4. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы», 15-102 шақырымы (Белоусовка-Риддер) – тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу