KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да бірнеше жол учаскелері ашылды

pixabay.com

10.02.2024, 09:00 307 Назерке Каримова

Кеше облыста ауа райының бұзылып, бұрқасын болуына байланысты бірнеше жол учаскелерінде көлік қатынасына тыйым салынған болтын.

Бгін бірқатар учаскелердегі шектеу алынды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, таңғы сағат 07.30-дан «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» автожолының 30-60 шақырымы (Зоя

Космодемьянская лагерінен Северное ауылына дейін) барлық көлік түрлерң үшін ашық.

«КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, 08.00-ден бастап «Өскемен-Семей» (10-103 км., Герасимовка-Абай облысының шекарасы) барлық көлік түрлері үшін ашық.

Сағат 08.10-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарагай-Рахман қайнарлары» (6-166 км, Ушанов-Алтай) барлық көлік түрлері үшін ашық.

«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, таңғы сағат 08.30-дан «Тарханка–Топиха» (00-12 км) барлық көлік түрлері үшін ашық.

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 км., Белоусовка-Риддер), «Алматы-Өскемен» (1013-1046 км., Абай облысының шекарасы – Улан ауылына бұрылыс) жолы жолаушылар және жүк көліктері үшін ашылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу