KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

«Нұрлы жол» шағын ауданындағы мектеп заманауи талаптарға сай болмақ

ШҚО Білім басқармасынан
ШҚО Білім басқармасынан
24.02.2024, 18:20 172 Назерке Каримова

ШҚО білім басқармасының басшысы орта мектеп құрылысына барып, бақылап қайтты.

Театрдың артындағы «Нұрлы жол» шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан мектеп 599 орындық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Иннеса Чернышёва  интерьерді әрлеу жұмыстарының ашық түсті әрі үйлесімді болуы керек екенін атап өтті. Бұл комбинация оқушылардың эмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.

- Жаңа білім беру нысанының құрылысы балалардың оқуы мен дамуы үшін жайлы көп функционалды кеңістікті құруға мүмкіндік береді: кең сыныптар, сабақтан тыс іс-шараларға арналған кең демалыс, спорт залы, қоғамдық тамақтану орны. Мектеп жан-жақты қауіпсіздік үшін де, оқу үдерісі үшін де барлық заманауи талаптарға жауап береді. Бұл балалардың жан-жақты дамуы үшін өте қолайлы мекеме болмақ, - деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив