Өскеменде Қарулы күштер спартакиадасы өтті
Өскеменде президенттік көпсайыстан Қарулы күштердің XXI Спартакиадасының қысқы кезеңі қорытындыланды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жеңіске жетті, деп хабарлайды Altainews.kz ҚР Қорғаныс министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Әскери қызметшілер пневматикалық мылтық атуда, шаңғы жарысында және күштік жаттығуларда бағын сынады. Ер адамдар белтемірге тартылып, әйелдер шалқалап жатып денені көтеру жаттығуларын жасады.
Жарысқа 12 команда құрамында 60-тан астам әскери қызметші қатысты.
Командалық есепте Шығыс өңірлік қолбасшылығы жеңіске жетті, күміс жүлдені «Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы олжаласа, қола Құрлық әскерлері Әскери институтының командасына бұйырды.