KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Тоқаев Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

t.me/aqorda_resmi

3.03.2024, 15:10 88 Назерке Каримова

Мемлекет басшысы Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.


Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив