KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қазақ жеріне керқұлан оралады

zoopraha.cz

3.03.2024, 23:00 169 Назерке Каримова

Биыл Еуропадан Қазақстанға сегіз жабайы жылқы жеткізіледі.

Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында сегіз жылқы Арқалық жерсіндіріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті ақпаратына сүйеніп.

Керқұландар тиелген Чехия мемлекетінің CASA C-295 ВВС екі ұшағы 2 маусым күні Прагадан (Чехия) және Берлиннен (Германия) ұшады да, екі мәрте аялдап, Орталық Қазақстандағы Арқалық жеріне қонады деп жоспарланған.

- Соңғы жабайы жылқыларды жабайы табиғатқа қайтару туралы енді-енді жаза бастадық, - дейді Прага зоопаркінің директоры Мирослав Бобек. - Біз Моңғолияда реинтродукция жүргізіп, ол жақтағы керқұландар популяциясын қалпына келтіре алдық. Енді Қазақстан үкіметі де бізге қолқа салып отыр. Біздің мақсат - келер 5 жылдың ішінде Алтын дала резерваты аумағына қырыққа жуық жылқы көшіріп апару.


Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен. Десе де, оның түрін сақтап қала алдық, бұл - нағыз тарихи жағдайдың бірі. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалар арқасында Еуропадағы зоопаркілерде популяциясы тұрақтанды. Бұның арқасында керқұланды бұрын-соңды мекендеген өңірлеріне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Прага зоопаркінің Моңғолияда даласында жүргізген реинтродукция тәжірибелерінің арқасында жабайы жылқылар Қазақстанға қайтарылады.

Керқұландарды босататын жер ретінде Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының даласы таңдалды. Резерват 2012 жылы құрылды, жалпы ауданы - 489 766 га.

Пржевальский жылқысын бұрынғы мекеніне қайтару жобасы аясындағы партнёр ұйымдар - ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, Прага зоопаркі, АСБК, Франкфурт зоология қоғамы, Нюрнберг зоопаркі, Tierpark Berlin, Hortobágy ұлттық паркі. 28 ақпанда партнёрлер Мәмілеге келу меморандумына қол қойды. Ол құжатта алдағы 4–5 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан кем дегенде 40 жабайы жылқыны бұрынғы мекеніне қайтару міндеттері жазылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив