Бұл мекеме енді қалаға кірген жабайы аңдармен де айналысады – Өскемен
ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағындықов қалаға жабайы аңдар кіріп кеткен жағдайда хабарласуға болатын телефон нөмірін ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
– Қалаға соңғы уақытта бірнеше түз тағысы еніп кетті. Олардың бірі жазатайым жағдайға да ұшырады. Сол себепті «Өскемен мал дәрігерлік қызметін» осыған ұқсас жағдайда көмекке баруға міндеттеп отырмыз. Әлбетте, түз тағыларымен айналысу бұл мекеменің қызметіне кірмейді. Десе де, қарап отырғанымыз жарамайды, – деді Рамиль Сағындықов.
Оның айтуынша, қала ішінде жабайы аңдарды көрген адам 8-777-248-61-94; 57-41-69 нөмірлеріне қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіре алады.