KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Су добынан Азия біріншілігін қазақстандықтар 4-орынмен аяқтады

Спортты дамыту дирекциясы

9.03.2024, 20:00 245 Назерке Каримова

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан қыздар құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық арулар соңғы ойында Таиландқа есе жіберді.

Аталған Сарықұрлық додасында су добынан қыздар арасында бас жүлдені 18 ұпай еншілеген Жапония құрамасы жеңіп алса, екінші орынға 15 ұпаймен Таиланд қыздары ие болды.

Ал үздік үштікті 12 ұпаймен қытайлық бұрымдылар жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен төрттіктен көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, енді бүгін жартылай финалда Жапонияға есе жіберген ерлер құрамасы қола жүлде үшін ойында Қытай құрамасына қарсы сынға түседі. Финалда Жапония мен Иран бас жүлдені сарапқа салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив