Жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға зақым келген жоқ
pexels.com
Семейден 120 шақырым жерде магнитудасы 4.1 орташа жер сілкінісі тіркелді.
Volcano Discovery порталының хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Зайсан көлінің маңында болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Эпицентрі 10 км тереңде болды. Жойқын салдары жоқ.
"ҚАЖ-Сервис" өкілдері Зайсан көлі ауданындағы жасанды құрылыстарды Көкпекті ауылынан бастап Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін тексерді.
Сондай-ақ, "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1005-1090 км және"Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғас" автожолының 793-941 км учаскелері қаралды.
Жасанды құрылыстарды аралау және тексеру нәтижесінде ақаулар мен қираулар анықталған жоқ.