Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды
pixabay.com
Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр.
Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.
Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.
Тамара Дүйсенова аталған шаралардың маңыздылығын атап өтіп, туындауы мүмкін мәселелерді бағамдап, алдын ала әрекет ету керектігіне баса мән берді.