KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Таза Өскемен» тазалықты бастады

сурет: tazaoskemen

26.03.2024, 10:38 142 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында көктемгі тазалық жұмыстары қызу басталды.

Коммуналдық қызметкерлер көшелерді құм құрсауынан қысқа мерзімде босатпақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Таза Өскемен» кәсіпорыны қыстан кейінгі көше тазалығына кірісті.

- Қазір қызметкерлердің алдындағы басты мақсат – аялдамалар мен көшелерге көктайғаққа қарсы себілген құм мен қиыршық тасты жинап, қаладан шығару. Оларды тездетіп жинамасақ, жел соға қалса көшеде шаң көтеріліп, тұрғындарға қолайсыздық тудыруы мүмкін, - деп мәлімдеді "Таза Өскемен" ШЖҚ КМК.

Сонымен қатар қыстан кейін қар астынан шыққан әр түрлі қоқыстар да жиналмақ. Ал ауа температурасы тұрақталғаннан кейін көшелерді су көліктерімен жуу басталады.

Айта кетелік, санитарлық тазалау жұмыстары қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбас үшін түнде жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив