Қарағанды облысының тұрғындарын пойызбен эвакуациялау жүріп жатыр
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды.
Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кеше республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеулер енгізілген болатын.
- Тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №8801/8802 жолаушылар пойызы бір рейске тағайындалды. Сондай-ақ, «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №605/606 жолаушылар пойыздарына екі бағытта бір рейске қосымша вагондар қатынайды, - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау 31 наурыздың соңына дейін жалғасады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз