KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Оралда өзендер қауіпті деңгейден асып, тұрғындар эвакуацияланды

3.04.2024, 09:27 135 Оразай Жеңісұлы

Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Төтенше қызмет өкілдері тұрғындарды эвакуациялық пункттерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

БАҚ мәліметтеріне сүйенсек,  Деркөл өзенінің гидробекетінде су деңгейі 708 (қауіпті деңгейі – 600-650 см), Шағанда 1 264 сантиметрге, Жайықта 583 сантиметрге жеткен. Үш өзеннің арнасы тоғысып, «Самал» деп аталатын шағын ауданға жайылған. Қазіргі уақытта шағын аудан тұрғындары қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшірілді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, құтқарушылар Деркөл кенті қазақ-түрік лицейі ауданы және «Самал 3» шағынауданында аулаларды қарап шықты. Тұрғындардың жартысынан көбі туыстарына алдын ала кеткен. Қалғандары эвакуациядан бас тартты. 

«Жарық бар, тұйықталудан қамтамасыз етілді. Эвакуациялауға БҚО ТЖД жеке құрамы, апаттар медицинасы орталығы, № 28237 әскери бөлімі, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімі, аумақтық қорғаныс арнайы техникалармен қатысуда. Облыс және қала басшылары, ТЖД бастығы оқиға орнында. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттерімен кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге көшуді сұраймыз. Көмек қажет жағдайда 112 телефонына хабарласуға болады», – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар су басу қаупі төнген Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан 705 адам көшірілге. Оның ішінде 230 бала бар екенін айта кетейік. Олардың 685-і (223-і – балалар) туыстарына кетсе, қалғандары Теректі ауданы Подстепный ауылындағы және Орал қаласындағы мектептерге орналастырылды. 

Фото: БҚО ТЖД

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив