Өскемен тұрғыны полицияға терракт туралы «хабар» берді
фото: patrika.com
Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт дайындалып жатқаны туралы хабар берген. Қоңырау шалған тұрғын атап көрсеткен мекенжайға дереу жеткен тәртіп сақшылары тексеруден кейін ақпараттың жалған екеніне көз жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандандырылған қызметтерді жалған ақпаратпен шақыртқан тұрғын мас болған.
«51 жастағы тұрғынға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
ШҚО Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарды ескере отырып, мұндай әрекетке барғандар қылмыстық жауапкершілік тартылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз
Кепілге алынған адамдар туралы орынсыз әзіл жазаға әкеп соқтыӨскеменде жарылғыш зат туралы хабарлаған тұрғынға қатысты үкім шықтыШҚО тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабарлама бергенӨскеменде "жарылғыш зат" туралы ақпарат берген адам сот үкім шығардыӨскемен: «Бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шықты