KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Қарғын су: Көкпекті ауданында жағдай тұрақталды ма?

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

3.04.2024, 15:24 122 Ләззат Қанатқызы

Абай облысындағы Көкпекті ауданында тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупі сейіліп, жағдай тұрақталды.

Бұл турады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көкпекті өзені арнасынан асып, Көкжайық ауылының шеткі 3 көшесі су астында қалған.

Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдарының, полиция бөлімшесінің, "Қазселденқорғау" ММ, Ұзынағаш ауылының 28237 ә/б, 68303 ә/б және жергілікті халықтың күшімен бөгетті нығайту үшін қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша арық арналары құрылды. Барлығы 1500-ден астам қап төселген.

Қазіргі уақытта елді мекеннен су бұрылды. Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Күн райының күрт жылынып, қар еруінің салдарынан Шұғылбай ауылында да су басу қаупі туындады. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің алдын ала хабардар етуінің арқасында тұрғындар өзін-өзі эвакуациялап үлгерді.

Еріген қар суын бұру бойынша жүргізілген инженерлік жұмыстардың арқасында су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді.

Қазіргі уақытта эвакуацияланған тұрғындардың барлығы үйлеріне оралды.

Шұғылбай ауылының шеткі көшелеріне мониторинг жүргізілуде. Үйлерді су басудың алдын алу мақсатында инертті материал төселеді.

Бүгін Қорғаныс министрлігінің МИ-17 бортында Көкпекті және Жарма аудандарының аумағын аэровизуалды мониторингтеу үшін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған жұмыс тобы ұшып кетті.

Абай облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив