Астана түбіндегі Талапкер ауылын су басты
Фото: ҚР ТЖМ
Елорда түбіндегі Талапкер елді мекенін су басты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
«Целиноград және Шортанды аудандарының егістік алқабынан аққан қарғын су Талапкер ауылындағы су бұратын каналды шайып кетті», - деп мәлімдеді ТЖМ.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, елді мекендегі канал 30 минут ішінде қалпына келтірілген.
«Тұрғын үйлердің ауласына және ашық алаңқайларға жиналған қарғын суды сорғызу жұмыстары жүргізілуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз