KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да тағы бір ауданды қарғын су «мазалай» бастады

27.03.2024, 13:46 49 Оразай Жеңісұлы

Дәл қазір қарғын су Шемонаиха ауданын да «мазалай» бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйенсек, Убинка ауылының Абай көшесіне су жүгіріп, жолдағы құбырды шайып кеткен. Дегенмен тұрғын үйлерге төніп тұрған қауіп жоқ, жайдақ су Уба өзеніне қарай жылыстап ағып жатыр.

– Еріген қар суы өзенге құяр кезде елді мекен арқылы да өтеді. Мәселен, Убинка ауылында қарғын су арықтардан өтіп, Уба өзенінің арнасына қосылып жатыр. Бұл ауыл жағалау бойында орналасқанын ұмытпаған жөн, - деп мәлімдеді Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі.

Мамандар су азайғаннан кейін жол учаскесі мен су өткізгіш құбыр қайта қалыпқа келеді деп сеніммен айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив