KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Үштөбе мен Кіндіктіге азық-түлік ұшақпен жеткізіліп жатыр

instagram.com/aqsuat.audany

30.03.2024, 14:00 121 Назерке Каримова

Жарма ауданындағы Үштөбе мен Кіндікті жолдарын қарғын су шайып, қатынас үзілген.

Абай облысынан арнайы келген тікұшақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы да басқа тұрмыстық қажеттіліктер жеткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл екі ауылдың тұрғылықты адамдары да тиісті жерлеріне тікұшақпен жеткізілген.

- Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы су тасу ықтималдығы бар учаскелерді күнделікті аралап, назарында ұстап отыр, - деп хабарлады Ақсуат ауданының әкімдігі. - Көктемгі қарғын су аудандағы ауылдар мен елді мекендерге ешқандай қауіп төндірген жоқ. Тек, сай-саланы қуалай аққан еріген қар суы Сәтбаев, Жәнтікей ауылдары тұсындағы автокөлік жолдарынан асып ағуда.


Ол жерлерге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, «Ақсуат» МКК-ның техникалары мен қызметкерлері және жастардан құрылған еріктілер жасағы, ауыл азаматтары жұмылдырылып, қарғын судың елді мекендерге кетпеуі үшін тиісті алдын алу жұмыстарын атқаруда. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үздіксіз кезекшілік жасап, жол қатынасы қауіпсіздігін бақылап тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу