KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Ұлан ауданында ардагерлер сенбілікті бастап кетті

5.04.2024, 15:45 163 Айна Ескенқызы

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің ардагерлері  арнайы акция аясында тазалық жұмыстарын бастап кетті.  Аға буын өкілдері кенттің орталық алаңынан бастап, көшелерді қыстан қалған қоқыстардан тазартты, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-Қысты күні қар астында жатқан қоқыстар күн жылып, қардың тоңы сөгілген соң, жер бетіне шығып,  кентіміздің көркін бұзып  тұр. Бүгін ауданымыздың ардагерлер ұйымы бар, әйелдер кеңесі бар,  аға буын өкілдері болып,  жиналып, Батырлар аллеясынан бастап, тазалық жұмыстарына кірісіп кеттік. Кентіміз күннен күнге өркендеп, гүлдеп келе жатқаны қуантады.  Жолдар жөнделіп, тротуарлар салынды, көшелерге жарық орнатылып жатыр. Қаланың жанында, қара жолдың үстіндеміз. Келетін қонақтар көп. Сол себепті тұрған жерімізді таза ұстау маңызды. Жастарымызға үлгі болсын деп, қолға алдық, - деді Ұлан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Аймұхамет Бәкімбаев.

Кентте жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,  жаңа көшелер мен кварталдар пайда болды.  Ардагер ақсақал осы үйлердің тұрғындары да өз маңайларын тазалап, аулаларын қоршап, ағаш егіп, гүлзарлар салып, аудан орталығының көркем де таза болуына үлестерін қосса деп үндеу тастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив